Мына балапандармен жұмыс істей бастағалы 1 айдан асты
Мына балапандармен жұмыс істей бастағалы 1 айдан асты. Түркітілдес журналистер қорының жанынан құрылған Жас журналистер мектебінің тəлімгерлері. Алғашқыда қорқасоқтағанымыз рас: "Тақырыптарды түсіндіру қиынға соқпай ма?", "Балалар қиналмай ма?", "Журналистикаға қалай қызықтырамыз?"... Бірақ олардың құлшынысы мен қызығушылығын көргенде барлық күмəн бір-ақ сəтте сейілді. Сонымен, бір айда үйренгеніміз: журналистикаға шолу (қоғамдағы маңызы мен мəні), деректерді табу жəне өңдеу, "заметка", "телеақпарат", "репортаж", "фоторепортаж" жанрлары, "Заң" және "Ұлан" газеттерінде Айнур Сембаева мен Жұлдыз Әбділда апайларының шеберлік сабақтары, 5 мың түйесі бар Сыдық ағаларының шаруашылығына пресс-тур. Бүгін "Сұхбат" жанрын өтеміз. Қосымша Ағылшын тілінен курсқа барып жүр. Мақалаларды ағылшынша жазып, сұхбаттарды ағылшынша алады. Бұл жас əркптестерімізді Еуропа елдеріне тəжірибе алмасуға апару үшін қажет. Өткенде Анкарадан түрікше үйрететін кітап, дискілер əкелгенбіз. Жас журналистер мектебіндегі кейбір бала түрікше үйреніп жүр. Шешендік өнер, лидерлік қасиет, есте сақтау қабілеттерін жақсарту, көпшіліктің алдында өзін еркін ұстауға баулитын арнайы жаттығуларымыз тағы бар. Әзірге 9-11 жас аралығындағы балалардан 1 топ түздік. Төселе келе, топтарды көбейтеміз. Тек Алла мамандығын беріп, əр істің сəтін салғай. ❤
#turkdilikonusangazetecilervakfi #turkgazetecilervakfi #turkicspeakingjournalists #түркітілдесжурналистерқоры #ынта_мен_ынтымақ #қазақжурналистер #фондтюркоязычныхжурналистов #жасжурналистермектебі #schoolofyoungjournalists
Editör: İsmail KAYA